Абдипаттах Абдазимов (1942 жылы Сайрам ауданы Сайрам ауылы) – инженер, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1990).
Ташкент инженер-механикалық институтын бітірген (1966). 1966 – 69 жылдары бұрынғы Ленин атындағы ұжымшарда (қазіргі Қожа Ахмет Ясауи өндірістік кооперативі) бас инженер, ұжымшар төрағасы болып істеді. 1969 – 89 жылдары аралығында бірнеше рет аудан және облыс кеңестерге депутат болып сайланды. Қазіргі уақытта Қожа Ахмет Ясауи өндірістік кооперативінде бригадир болып жұмыс істейді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1942 жылы туғандар Санат:Сайрам ауданында туғандар Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары Санат:Ташкент инженер-механикалық институты түлектері Санат:Колхоздар төрағалары