Шұнақ – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты темір жолы стансасынан батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 10 – 12 км, абсолюттік биіктігі 1111 м.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Сай, шатқалдармен тілімделген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Бұлақтар (Тасбұлақ, Үйбұлақ) бар. Алтыуайт, Боялысай өзендері бастау алады. Девон жүйесінің төмендегі және орта бөлімдері жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, сұлыбас, боз, бұта өскен. Жайылымдыққа және қыстауға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары