right|thumb|200px|Цитрин Цитрин (франц. cіtrіn — сары) — кварцтың мөлдір және жартылай мөлдір сәуле өткізгіш түрі. Хим. формуласы: SіO2."Қазақ Энциклопедиясы", 18 том Түсінің сары, ашық сары, қызғылт сары, т.б. болуы O2, Fe3+ иондарының Al3+ ионымен алмасуына байланысты. Табиғатта гидротермалды түзілімдерде және шөгінді тау жыныстары мен пегматиттерде кездеседі. Цитриннің таза және ірі кристалдары Бразилияда, Мадагаскарда, Испанияда, Польшада өндіріледі. Ол құнды зергерлік материал болып табылады. Қрі кристалдарының салмағы 1150 каратқа дейін жетеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Дереккөздер

Санат:Мөлдір заттар