АҚ НИЕТ — көңілі таза, пейілі ақ, адал адамның мінезіндегі құнды қасиет. Ниет адамның ықылас-ынтасын білдіретін психологиялық сипат. Ол адамның мінезімен, ерік-жігер, мақсат-мүддесімен сабақтас. Халқымызда “Асыңа тойғызбасаң да ниетіңе тойғыз” дейтін мақал осы жәйтті білдіреді. Ақ ниетті адам өмірінде үнемі ағынан жарылып, ештеңені жасырмай, бар шынын айтады. Халық ондай ашық-жарқын мінезді адамды құрмет тұтып, оған ізет көрсетіп отырған.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Ақ ниет · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.