Циан, дициан, синерод, C2N2 — көміртектің азотпен қосылысы. Физикалық қасиеттері Циан өте улы, өткір иісті, түссіз газ, қайнау t –20,7°C, балқу t –34,4°C. Спиртте, эфирде, сірке қышқылында жақсы ериді. Су ерітінділерінде біртіндеп гидролизденіп, қымыздық қышқыл аммоний және оның аммоний тұзын түзеді. Ол өте аз мөлшерде кокс және домина газдарының құрамында болады. Ашуды тарихы Оны алғаш 1815 ж. Француз ғалымы Ж.Л. Гей-Люссак Цианды сынапты қыздыру арқылы Hg(CN)2=Hg+(CN)2 алған. Цианға сұйытылған сілтілермен әсер еткенде цианид пен цианат қоспасы: (CN)2+2КОН=КCN+КCNО+Н2О күкірт қышқылымен әсер еткенде көгерткіш қышқыл түзіледі. Химқкалық қасиеттері Галогендерге ұқсас. Ciлтемелер : "Қазақ Энциклопедиясы", 18 том

Санат:Азотты органикалық қосылыстар Санат:Цианидтер