Үңгірлі – Шу алабындағы өзен.
Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 278 км2.
Бастауы Кіндіктас жотасының батыс беткейіндегі бұлақтан басталып, Қонақбай елді мекені тұсында Шуға жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы Аңғары астау тәрізді, беткейі тік (20 — 25 м), арнасы тік жарлы, жайылмасы оң жағалауында 50 — 100 м. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Орташа көпжылдық су ағымы Үңгірлі елді мекені тұсында 0,15 м3/с. Лайлылығы 800 — 1200 г/м3. Суы ауыл шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Шу су алабы