Ақтоғай — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы ауыл, аудан (1931) және Ақтоғай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 209 км-дей жерде, Тоқырау өзенінің оң жағалауында орналасқан. Төңірегін Жосалы, Шатырша, Ақтоғай таулары алып жатыр. Ең жақын темір жол стансасы - Балқаш (190 км жерде).
Тарихы Ақтоғайдың іргесі 1926 жылы Басши артелінің орталығы ретінде қаланған.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4186 3145 3373 107,2 1568 1694 108 1577 1679 106,5
Инфрақұрылымы Ауылда орман өсіру стансасы, кәсіптік-технологиялық училище, баспахана, 2 орта мектеп, спорт, музыка мектептері, аурухана, емхана, мәдениет үйі, кинотеатр, кітапхана, халық театры бар. Аудандық “Арқа еңбеккері” газеті шығады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері