Қоянбұршақ (Orobus) – бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймақтарындағы жазық жерлерде, орман ішінде, тау етектерінде, кейде таудың биік шыңдарында да кездеседі. Қазақстанда 6 түрі өседі. Көп тараған түрі – сары Қоянбұршақ (O. luteus). Оның биікт. 60 – 150 см. Дара, тік, жуан, тықыр немесе түкті сабағы тамыр бұтағынан шығады. Қосалқы жапырақтары жартылай садақ тәрізді, жапырақшалары 3 – 4-тен қосарланып келеді, жалпақ қандауыр тәрізді. Гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда дән береді. Бұршағы ұзынша, аздап иілген, тықыр. Тұқымы сопақша домалақ (саны 12 – 15). Қ-ты сиыр мен жылқы сүйсініп жейді. Соңғы жүйеленім бойынша Қоянбұршақ әйкен туысына жатқызылды. Пайдаланған әдебиетттер Қазақ энциклопедиясы

Санат:Бұршақтар тұқымдасы