Целинное — Қостанай облысы Қарасу ауданы, Шалғышы ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Қарасу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде, Торғай үстіртінің қиыр солтүстік-шығыс шетіндегі Тімтуір өзенінің оң жағасында орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1017 адам (486 ер адам және 531 әйел адам) болса, 2009 жылы 1123 адамды (537 ер адам және 586 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған шошқа өсіретін кеңшар құру негізінде қаланған. 1996 жылға дейін Қостанай облысы Октябрь ауданының құрамында болды. 1996 жылы шаруа қожалықтары құрылды. Целинное жанынан (10 км) Астана — Қараталы (Ресей) темір және автомобиль жолдары өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том.
Дереккөздер
Санат:Қарасу ауданы елді мекендері