Үшарал мешіті — сәулет өнері ескерткіші. Үшарал мешіті күйдірілген кірпіштен салынған көп күмбезді, тік бұрышты ғимарат. Қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласының жерінде 20 ғ-дың бас кезінде бой көтерген. 1945 ж. Қазақ КСР-і Мин. Кеңесі жанындағы Архитектура істері жөніндегі республика басқарманың экспедиуия (жетек. Г.И. Пацевич) зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғимараттың іші жеке-жеке үш бөлмеден тұрады. Үшарал мешіті үш жағынан ашық галереялармен қоршалған. Күмбездердің бір жағы ішкі және сыртқы қабырғаларға, екінші жағы шаршы бағаналарға бекітілген. Үшарал мешітінің ғимараты мемлекет қорғауына алынған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том Дереккөздер
Санат:Қазақстан мешіттері