Шаховское — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы, Прибрежный ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы — Бескөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1191 адам (581 ер адам және 610 әйел адам) болса, 2009 жылы 856 адамды (428 ер адам және 428 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1907 жылы қаланған. 20 ғасырдың 30-жылдарының басында ауыл шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты ұжымшар орталығына айналды. 1976—1995 жылдары шошқа өсіру бағытындағы Бескөл ауданы ауыл шаруашылық бірлестігінің орталығы болды. 1995 жылы бірлестік таратылып, оның негізінде ұжымдық кәсіпорын мен шаруа қожалықтары құрылды.
Дереккөздер
Санат:Қызылжар ауданы елді мекендері