Бретан түбегі — Францияның батысындағы түбек. Ол батысында Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Бискай шығанағымен, солтүстігінде Ла-Манш бұғазы және Сен-Мало шығанағымен шектеседі. Түбектің шеткі аймағы ойпатты, орталық бөлігі көтеріңкі (Арре тауы, 384 м) болып келеді. Түбек герцин қатпарлығында көтерілген Арморикан массивінің кристалдық жыныстарынан түзілген. Климаты қоңыржай мұхиттық. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 — 1500 мм-ге жетеді. Емен және шамшат орманы өседі. Көпшілік бөлігінде шымтезекті батпақ басым. Басты порттары: Нант және Брест.
Санат:Франция түбектері Санат:Бретан географиясы Санат:Нормандия географиясы