Брианшон теоремасы — конустық қималарға (эллипске, гиперболаға, параболаға, сондай-ақ, шеңберге) сырттай сызылған кез келген алтыбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын үш түзу бір нүктеде қиылысатынын (суретті қ.) тұжырымдайтын проективтік геометрия теоремасы. Оны 1806 жылы француз математигі Ш.Ж. Брианшон (1785 — 1864) дәлелдеген. Брианшон теоремасы — Паскаль теоремасымен байланысты теорема. Бұл екі теорема екінші реттік сызықтардың проективтік қасиеттерін сипаттайтын теоремаларға жатады. Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Брианшон теоремасы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.