Жантеке — Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы ауыл, Қарашалғын ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталық – Қорғалжын кентінен солтүстікке қарай 22 км-дей жерде, Жантеке көлінің шығыс жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1425813 564 69,4 395 297 75,2 418 267 63,9
Тарихы Іргесі 1928 жылы қаланған. 1961 жылдан Қарашалғын астық кеңшарының орталығы болып келді. 1997 жылы оның негізінде «Жантеке» серіктестігі құрылды.
Инфрақұрылымы Орта, орталау және бастауыш мектеп, 2 телімдік аурухана, мәдениет үйі, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Астана – Қорғалжын автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы – Астана (100 км).
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы елді мекендері