Жаңажол — Жамбыл облысының Шу ауданындағы ауыл, Жаңажол ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Төле би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-дей жерде, Шу өзенінің аңғарының бетеге, жусан, селеу, сексеуіл шоқтары өскен сұр топырақты қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен27822710 2794 103,1 1317 1367 103,8 1393 1427 102,4
Тарихы Іргесі 1974 жылы “Жаңажол” қызылша өсіретін кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория бар. Ауыл тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы елді мекендері