thumb|right|190px|Елікбалдырған Елікбалдырған () – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер.
Алтайда, Тарбағатайда, Іле, Күнгей, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында, Тянь-Шаньда кездеседі. Тау баурайларында, өзен аңғарларында, арша, бұталар арасында өсетін 2 түрі бар: алагүл Елікбалдырғаны (L. dіscolor), талас Е-ы (L. talassіcum). Олардың биіктігі 30 – 100 см. Сабағы дара, жоғ. жағы бұтақты келеді. Жапырағы жалпақ, шеті ирек тісті, үш салалы қосарланып келген. Гүлі ақ түсті, шатырша гүлшоғырына топталған. Жемісі қос тұқымды, ұзынша болады. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Жемісінің құрамында эфир майы бар.Қазақ энцклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шатыршагүлділер