Еліктау – Батыс Қаратау жотасының оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 169 м. Таудың батысы, оңтүстік-шығыс бөліктері тік жарлы келген. Солтүстігі сай-жыралармен тілімденген. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта созылып жатыр. Солтүстігінен Маңғыстау – Шетпе темір жолы өтеді.

Өсімдігі Тақыр және сортаңды сұр қоңыр топырағында тасбұйырғын, бұйырғын, қара жусан, сұр жусан өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары