Доңғал – Кент тауының батыс сілеміндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жеріндегі Талды өзенінің оң саласы Қызылкеш өзенінің аралығында, Қарағайлы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 – 22 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1188 м. Ұзындығы мен ені 2 – 3 км, солтүстік бөлігі тік құламалы.
Геологиялық құрылымы Тас көмір гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Таулы қызғылт қоңыр топырағында бетеге, жусан, қызыл боз өседі. Кей жерлерінде қарағай, қарағай-қайың аралас орман өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары