Дос, Кіші Быжы – Жетісу облысы Кербұлақ ауданы және Көксу аудандарының аралығындағы өзен.

Бастауы, гидролгиясы Алтынемел жотасының солтүстік баурайынан бастау алатын Быжы өзенінің сол саласы. Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 1840 км2. Суы тұщы. Қарашаның аяғында суы қатып, наурыздың 2-жартысында мұзы ериді. Дос өзенінің суы тұрмыстық және шаруашылық қажеттеріне, егін суғаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Кербұлақ ауданы өзендері Санат:Көксу ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы