Домбыралытау – Ұзынтау тауының оңтүстік-батысында 9 км жердегі төбе.
Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 380 м. Төбе солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр. Енді жері 1,5 км. Солтүстік-батысында тау жыныстары жер бетіне шығып жатса, оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігі сай-жыралармен тілімденген.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырағында баялыш, тұран жусаны, сұр жусан шөптесіндері өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сарысу ауданы таулары Санат:Төбелер