Білезікті – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 135 км, оның 57 км-і Қазақстан жерінде.
Бастауы Азутау жотасынан басталып, Қытай жерінде Қара Ертіске құяды.
Гидрологиясы Аңғары тік шатқалды. Арнасының ені 50 – 80 м. Өзен қар, жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Суы жергілікті шаруашылық қажетіне пайдаланылады. Қарашаның соңы желтоқсанның басында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзы ериді.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы Санат:Қытай өзендері