Білісқопа – Қостанай облысы Қамысты ауданы Богдановка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 19 км жерде орналасқан тұзды көл. Теңіз деңгейінен 255,5 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 10,53 км2, ұзындығы 4,3 км, енді жері 3,7 км, жағалау бойының ұзындығы 14,8 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады.

Жағалау сипаты Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ өскен. Солтүстігінде Оразқопа, шығысында Адайкөл көлі жатыр. Көл аңғары жыртылған.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қамысты ауданы көлдері Санат:Қостанай облысы географиясы