Белокаменное — Үй өзенінің алабында орналасқан көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Қарабалық ауданы Новотроицкое ауылынан 21 км оңтүстікте. Теңіз деңгейінен 217,2 м биіктікте.
Гидрографикасы Аумағы 5,08 км2. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,1 км. Жер асты және қар суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуір – мамырда мұзы ериді. Суы кермек, тұтқыр, аздап сілтілі келген.
Жағалау сипаты Солтүстігінде Сасықкөл, Қашықбай, Шұбаркөл, оңтүстік-шығысында Светлое көлдерімен шектеседі. Жағалауында қамыс, құрақ, боз, селеу, т.б. өседі.
Санат:Қарабалық ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы