Белсексеуіл – Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында Көкенжоны мен Тауқұм аралығында орналасқан құмды алқап.
Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерінде.
Жер бедері Ұзындығы 40 км шамасында, ені 8-12 км. Орташа биіктігі 340 – 500 м. Жер бедері негізінен құм төбешіктерден тұрады. Көшпелі сусыма құмды жерлер жиі кездеседі. Төбешіктердің биіктігі 5-8 м, беткейі өсімдікпен бекіген құм төбелер 20 – 25 м-ге дейін көтеріледі. Олар ойыс, қазаншұңқырлармен бөлінген. Кейбіреуі сорға айналған.
Өсімдігі Өсімдік жамылғысында жүзгін, теріскен, қоянсүйек, жусан басым өскен. Грунт суы жақын жерлерде шеңгел, жыңғыл өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы құмдары