‎ Андағұл – Бетпақдаланың оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 330 м. Тау батыстан шығысқа қарай 20 – 22 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км.

Геологиялық орны Жер қыртысы жоғарғы ордовик жыныстарынан түзілген. Аласа келген таудың салыстырмалы биіктігі 90 – 95 м. Беткейлері жайдақ келген.

Өсімдігі Беткейлерінде боз жусан, ақселеу, теріскен, т.б. шөлдің сораң шөптесіндері өскен. Баурайы жыл бойғы мал жайылымы. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы таулары Санат:Бетпақдала