Анортит – силикаттар класының минералы. Изоморфты қосылыс, плагиоклаздардың кальцийлі мүшесі. Химиялық формуласы Ca[Al2Sі2O8], триклин сингония түрінде кристалданады, кристалдары пластинка, призма тәрізді болады, көбіне ұсақ түйіршік масса құрайды. Түсі ақ, сарғылт, сұрғылт; шыныдай жылтыр, Мосс шкаласы бойынша қаттылығы 6, меншікті салмағы 2760 кг/м3; жымдастығы екі бағытта жақсы білінеді. Анортит – негіз құрамды магмалық жыныстардың басты бөлігі. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;

Сілтеме

Санат:Силикат минералдар Санат:Кальций минералдары Санат:Алюминий минералдары