Қарабау – Ойыл өзенінің тармағы.
Географиялық орны Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 47 км.
Бастауы Бастауын Ойыл өзенінің тармағы – Жарыпшыққан өзенінің Қарабау ауылы тұсынан алып Айғыркөл көліне құяды.
Гидрологиясы Аңғары сор, сортаңды өңірмен өтеді. Орта ағысындағы (Қошқар, Жалын қыстаулары) енсіз алабы шалшықты-батпақты келген. Онда шөлді, шөлейтті сораң шөптер өседі. Өзенге Қарабау ауылынан жоғарыда Шеткөл саласы құяды. Алабы жайылымға және шабындыққа пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қызылқоға ауданы өзендері Санат:Ойыл су алабы өзендері