Қарабек – Арқарлы тауларының оңтүстік-батысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия молибден кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 52 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 450 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км шамасында. Оқшауланған шоқылы таудың беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады.

Өсімдігі Ашық қоңыр, сұр топырақ жамылғысында боз жусан, қара жусан, баялыш, бұйырғын, сораң, т.б. шөптесіндер өседі. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары