Кішкене Көгілдір – Үлкен Көгілдір тауының оңтүстігінде 10 км жердегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан.

Жер бедері Салыстырмалы биіктігі 690 м болатын аласа таудың беткейлері көлбеуленіп жазыққа ұласады. Пішіні күрделі. Ұзындығы мен ені 3–4 км шамасында. Кішкене Көгілдірдің өңірінде Егінбұлақ қыстауы мен Шонайбұлақ бұлағы орналасқан.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, ши аралас бетеге, сұлыбас, еркек шөп, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары