Кішкенесор – Шағалалытеңіз көлінің алабындағы тұзды көл. Қамыстысай аңғарында орналасқан.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинское ауылынан 9 км жерде; теңіз деңгейінен 124 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 7,7 км2, ұзындығы 4,2 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 10,8 км. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді.

Жағалау сипаты Қазаншұңқыры дөңгелек пішінді, жағалауы тік жарлы келген. Оңтүстік жағалауынан көктемде жылға құяды. Су жиналатын алабы – төбелі-белесті жазық, 40%-ы жыртылған, қалған бөлігінде бетегелі-боз шөп өскен. Жағалауы мал жайылымдық.

Санат:Ертіс су алабы көлдері Санат:Тайынша ауданы көлдері