Күшік – Бұғылы және Жақсы Тағылы тауларының аралығындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Айғыржал аулының солтүстік шығысында 21 км жерде орналасқан. Күшік пен Қарақамыс өзендерінің суайрығында. Салыстырмалы биіктігі 70 м. Ең биік жері шамамен 800–820 м биіктікте. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі тіктеу, жер бедері бірнеше ұсақ қырқалы шоқылардан тұрады. Девонның альбитофир, порфирит, гранит жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында бетеге аралас боз өседі. Беткейлері жайылымдық ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары