Күшікбай – Мұғалжар тауларының ортаңғы бөлігіндегі шоқылы тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жем (Ембі) қаласының солтүстік шығысында 36 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 552 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстік беткейі тіктеу келген.
Геологиялық құрылымы Силур, төменгі девон кезеңдерінің жанартаутекті-шөгінді (лава, туф, тақтатас) жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында бетеге, боз, жусан, бұта аралас қараған, тобылғы, т.б. өседі. Тау баурайындағы бұлақтардан Ащысай өзенінің салалары бастау алады. Етегі көктемгі-күзгі мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы таулары