Күйгенсай, Горельник – Кіші Алматы өзенінің саласы.
Бастауы Бастауын Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі 3000 м биіктіктен алады (Титова мұздығынан)АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАЙЛЫ 100 ӘСЕР - Кіші Алматы өзенінің су көзі. Горельник өзені Кіші Алматы өзеніне құяды және оның сол саласы болып табылады. 1932-1973 жылдар аралығында Қазақстан аумағында алғаш рет Горельник саяхат алаңы орнатылды. Революция кезінде өзен "Тухлый бұлағы" деп аталды, кейін күкіртсутегінің ерекше иісі болғандықтан «Шіріген ағын» деп аталды. 30-жылдардың басында, немқұрайдылықтың кесірінен шекара мектебінің курсанттары өртеп жіберді, содан кейін шатқалға «Горельник» (Күйгенсай) атауы берілді. Горельник өзенінде судың температурасы 27 ○ С-қа жетедіАлматы облысы туризмінің ресми сайты .
Гидрологиясы Ұзындығы 6 км-ге жуық, су жиналатын алабы 12 км2. Жалпы ұзындығы 4 км болатын шағын екі саласы бар. Өзеннің бастауында 3 мореналық көл жатыр. Арнасының ені 1,8 – 2,0 м, тереңдігі 0,15 – 0,2 м. Жылдық орташа су ағымы 0,24 м3/с, су жыл бойы болады. Күйгенсай сел жүретін қауіпті өзендерге жатады. Өзен аңғары Алматы қаласы тұрғындарының демалыс аймағына жатады.
Дереккөздер
Санат:Іле су алабы Санат:Алматы өзендері