Күйелі Қаратау – Айтау тауларының солтүстігіндегі тау массиві. Хантау тауларының солтүстік-шығыс сілемі.

Географиялық орны Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 804 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км. Батысында Хантау, солтүстігінде Қызылбастау тауларымен шектеседі. Солтүстік беткейі көлбеу, оңтүстігі қырқалы төбе болып келеді. Етегінен Күйеліқара, Ботабөрім өзендерінің салалары бастау алады.‎

Географиялық құрылымы Каледон-герциндік тау жаралу процесінде қалыптасқан. Палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатасынан, каледондық граниттен түзілген.

Өсімдігі Тау етегінің саздақты бозғылт топырағында жусан бітік өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шу ауданы таулары