Күзендер () – сусар тұқымдасының бір туысы.

Қазақстанда орманды далалар мен шөлейт аймақтарды, әсіресе, жусанды және астық тұқымдас өсімдіктер өскен жерлерді мекендейтін 7 түрі бар: сарғыш күзен

аққалақ

ақкіс

сары күзен

еуропа қара күзені

сасықкүзен

су күзені. Бұлар көбінесе сарышұнақтардың, қосаяқтардың, аламандардың індерін пайдаланады. Өздері ін қазбайды. Тұрқы 13 – 53 см, салмағы. 0,1 – 2,2 кг. Денесі ұзынша келген. Жүні үлпілдек, жұмсақ, түсі алуан түрлі. Қорегін іңірде, түнде аулайды. Ақпанда ұйығып, мамыр айында 8 – 12-ден (кейде 19 – 20-дан) балалайды. Күзендердің ішінде ең ірісі – дала күзені (Mustela eversmannі), оның тұрқы 29 – 52 см. Бұлар өздеріне қауіп төнгенде аналық безінен жағымсыз иіс шығарады, сондықтан оларды сасық күзен деп те атайды. Күзен – терісі бағалы, кәсіптік маңызы бар аң. Сондай-ақ олар зиянкес кемірушілерді жеп пайда келтіреді.

Түрлері Африка күзені () Сарғыш күзен () Ақкіс () Сасық күзен (сусар тұқымдасы) () Колумбия күзені () Ұзынқұйрықты күзен () Итатси () Сарыжолақты күзен () Еуропа қара күзені () Ява күзені () Америка күзені немесе қарааяқты күзен () Аққалақ () Малай күзені () Орман күзені () Сары күзен () Ақжолақты күзен () Мысыр күзені ()

Дереккөздер

Санат:Күзендер Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар