Көктөбе – Қарқаралы тау жүйесінің оңтүстік-батыс сілеміндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында. Жатаған тау тізбектерінен тұрады. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Абсолюттік биіктігі 1254 м.

Геологиялық құрылымы Соңғы тас көмір және пермь кезеңінің гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Толық жетілмеген қызғылт қоңыр және қиыршықтасты топырақ жамылғысы бұта мен шалғын аралас қарағайлы-қайыңды орманмен көмкерілген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қарағанды облысы

Санат:Қарқаралы ауданы таулары