Көктөбе – Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбек.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданында орналасқан.
Сипаты Абсолютiк биіктігі 375 м. Жер бедеріне пермь және тас көмір кезеңдерінің ойпатты аккумуляциялық жазығы тән. Жер бедері солтүстікке қарай еңістейді, батыста Жалаңаш сорына ұласады. Батыстан шығысқа қарай 5 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 км-ге созылып жатыр.
Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, бұйырғын өседі. Көл жағалауы қамысты.Қазақстан энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Балқаш көлі түбектері Санат:Жетісу облысы географиясы