Көксарай – Сырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны Түркістан облысы жерінде. Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 228 км2.

Бастауы Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Кентау қалалық әкімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс-Түркістан каналына құяды.

Гидрологиясы Үлгілі ауылы тұсында бойына бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған өзені деп аталады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, тік жарлы. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9,

Дереккөздер

Санат:Кентау қалалық әкімдігі өзендері Санат:Сырдария су алабы