Көксеңгірсор – Есіл алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Баянбай ауылының шығысына қарай 5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 158,8 м биіктікте.

Гидрографикасы Аумағы 46,3 км 2 (су көп жылдары 63,0 км 2-ге дейін ұлғаяды), ұзындығы 12,4 км, енді жері 7,2 км, жағалау бойының ұзындығы 45,1 км, орташа тереңдігі 0,7 м. Көлдің шығыс жағалауы тік құламалы келген. Оңтүстік-батысынан Саға және Қарасу өзендері құяды. Ортасы мен оңтүстік-батыс бөлігінде ұзындығы 0,4 – 0,7 км болатын үш арал орналасқан. Шаруашылық мәні зор.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Уәлиханов ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері