Кенебайкөл, Кекебайкөл – Тобыл өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Рудный қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы көл. Қостанай қаласынан батысқа қарай 30 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 190 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 12,2 км2, ұзындығы 5,1 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұзындығы 14,2 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, наурыздың аяғында ериді.

Жағалау сипаты Пішіні жүрек тәрізді келген. Маңында Ұзынкөл, Жатқанбай, Жаркөл көлдері бар. Жазық келген жағалауында қамыс, құрақ, қоға, т.б. шөптесіндер өседі. Мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Рудный көлдері Санат:Тобыл су алабы