Кенен – Теңіз көлінің батысындағы шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданында орналасқан. Терісаққан өзенінің аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 366 м. Солтүстіктен оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км. Беткейі жайпақ, пішіні доға тәрізді келген. Оңтүстік беткейінде тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Ащылы төбесі, оңтүстігінде Сарыдоңғал шоқысы, батысында Лек төбесі орналасқан.
Геологиялық құрылымы Пермь жүйесі жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан аралас астық тұқымдас өсімдіктер, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясыТараз энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары Санат:Шоқылар