Жолболды (1993 ж. дейін – НовоалексеевкаОб упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан) — Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы ауыл, Жолболды ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 75 км-дей жерде, селеу, бетеге, т.б. шөптесін өскен сортаңды қызыл қоңыр топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен957547 391 71,5 269 203 75,5 278 188 67,6

Тарихы Іргесі 1976 жылы "Октябрьдің 25 жылдығы" атындағы мал бордақылау бірлестігі ретінде қаланған. Оның негізінде Жолболдыда 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) елді мекендері