Жолдыбай – Есіл алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Ақмола облысының Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Бұлақ ауылынан солтүстікке қарай 4 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 25,9 км2 , ұзындығы 6,8 км, ені 5,0 км шамасында. Оңтүстік және шығыс жағалауы 1,5-2,5 м келген тік жар, басқа жерлері жайпақ. Суы тұщы. Көлге батысынан Сарыөзек өзені құяды. Қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы түседі. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Көкшетау қалалық әкімдігі көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері