Жапырақ ширатқыш көбелектер () – қабыршақ қанаттылар отрядына жататын ұсақ көбелек.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Далалы және орманды-далалы белдемдер мен Азияның жалпақ жапырақты тропиктік ормандарында, сондай-ақ шөлді аймақтарда кездесетін 5000-нан астам, ал Қазақстанда 1000-ға жуық түрі белгілі. Жапырақ ширатқыш көбелектердің жайылған қанатының ұзындығы 8 – 40 мм. Алдыңғы қанаты ашық түсті, ал артқы қанаты сұр түсті келеді. Жасыл, қоңыр не сары түсті жұлдызқұрттары (ұзындығы 10 – 20 мм) өздері түзетін пілләсімен (жібек жіптерімен) өсімдіктің жапырағын орап жатады, көбелектердің аты осыған байланысты қойылған. Бұлардың ішінде өсімдіктің ұлпасын тітіркендіріп, галла (беріш) түзетін де түрлері бар. Жапырақ ширатқыш көбелектердің негізінен жұлдызқұрты қыстап шығады. Бұлардың көпшілігі – уылдырық шаруашылығы мен орман шаруашылықтарының зиянкестері. Мысалы, жеміс жегілері, емен ширатқыш көбелегі, т.б. Күрес шаралары: ерте көктемде ағашты фосфорлы, органикалық, бактериялық препараттармен, әр түрлі инсектицидтермен бүрку керек.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Қабыршақ қанаттылар Санат:Көбелектер