Жапырақты – Маңғыстау тауларының оңтүстік беткейіндегі тау.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының солтүстік-шығысында, №13 темір жол айырмасының батысында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 363 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Үсті төбелі қыратты. Шығыс бөлігі терең жыралармен, сайлармен тілімденген. Маңайында бірнеше құдықтар бар.
Геологиялық құрылымы Пермь кезеңінің жоғарғы жыныстарынан түзілген. Беткейі делювийлі-пролювийлі шөгінділерден құралған.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында күйреуік, сұр жусан, эфемерлі өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы таулары