Жамбыл – Шу-Іле тауларының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі 972 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 40 – 45 км-ге созылған, ені 10 – 15 км.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Таудың жоғарғы жартасты бөлігінің түпкі жыныстары ашық, беткейлері тік құлама болып келеді. Палеозойдың эффузивті шөгінді жыныстарынан түзілген.

Өсімідгі Қиыршықтасты сұр қоңыр топырағында боз жусан, бұйырғын, баялыш, күйреуік басым өскен. Өзен арналары бойында тобылғы шоғырлары кездеседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары Санат:Іле Алатауы