Жаман Қантөрткіл – Шағырай қыратының оңтүстігіндегі төбе.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде орналасқан. Оймауыт ауылының солтүстік-шығысында 37 км жерде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 252 м. Батыстан шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.

Геологиялық құрылымы Мезозой дәуірі бор кезеңінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Құмды, қоңыр сортаңды топырақ жамылғысында тасбұйырғын, еркек шөп, қара жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Төбелер Санат:Байғанин ауданы таулары