Жаманкөл – Есіл алабында орналасқан тұйық көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылының жанында. Оңтүстік-батысында Орлиная (372 м) төбесі орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 154 м биіктікте. Аумағы 3,3 км2, ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 7,8 км. Суы қарашада қатып, сәуірде ери бастайды. Оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауы орманды алқапқа ұласып жатыр. Батысында Жамбыл, оңтүстігінде Рубановка қыстаулары бар. Суы тұщы, мал шаруашылығына пайдаланылады.
Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері