Жалтыркөл – Сырдария алабындағы көл.
Географиялық орны Қызылорда облысы Қазалы ауданы жерінде, Бекбаулы темір жол стансасының оңтүстігінде 2 км жерде. Теңіз деңгейінен 54,4 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 13,3 км2. Жағасы жайпақ, аласа жыралармен тілімденген. Көл Сырдарияның суымен (көктемде) және қар суымен толығады. Жаздың ыстық айларында суы кермектеніп, минералдылығы артады. Қарашаның 2-жартысында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазалы ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы