Жалтырсор – Торғай өзенінің орта ағысы алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді ауданы жерінде орналасқан. Торғайдың саласы – Қабырға өзенінің сол аңғарында, теңіз деңгейінен 124,2 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 11,6 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 3,3 км. Қар және жер асты суларымен толысады.
Жағалау сипаты Жазда тарылып, батпақты шалшыққа айналады. Жағасы жайпақ, тастақты, батпақты. Суы тұзды. Көктемде мал суарады. Алабы – жайылым.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Амангелді ауданы көлдері